$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Малайзия өзара жәрмеңке мен сауда көрмелерін өткізетін болады

Екі ел сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Малайзия өзара жәрмеңке мен сауда көрмелерін өткізетін болады
фото: www.gov.kz

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев пен Малайзия Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Джаффар арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты. Тараптар екіжақты сауда көлемін ұлғайту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Малайзия Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Малайзиялық тарап Қазақстанның Орталық Азия елдері арасындағы басты сауда әріптесі екенін хабарлады.

 "Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызда $19,9 млн. құрды. Қазақстаннан Малайзияға экспорт $344,4 мың құрады, Малайзиядан Қазақстанға импорт $19,5 млн. құрады", - деп хабарлады Қайрат Төребаев.  Бұл ретте, қазақстандық өңделген тауарлар экспортының әлеуеті өнімнің 60 атауы бойынша $519,1 млн. құрайды», деп делінген ҚР СИМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Малайзиялық тарап Қазақстанмен сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кең спектрі бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Тараптар тікелей байланыстарды қалпына келтіру, сауда көрмелерін, жәрмеңкелерді және т.б. өткізу туралы келісті.

Серіктес жаңалықтары