Жеңілдетілген автонесие: көлік тапшылығы қалай шешіліп жатыр

Автор: Әсел Оршыбекова

Бағдарламаға KIA, Hyundai, JAC, Chevrolet және LADA маркалы автокөліктер қатысып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша автосалондардағы клиенттердің кезегі мен көлік тапшылығына қатысты мәселе шешімін тауып келеді. Бұл туралы Қазақстан автобизес қауымдастығының өкілдері ОКҚ-дағы брифинг кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгінде Жеңілдетілген автонесиелеу бағдараламасына KIA, Hyundai, JAC, Chevrolet және LADA маркалы автокөліктер қатысып жатыр.

«Қазір бірінші кезеңде 8 мыңнан аса көлік дайын тұр. Маусым айынан бастап тағы да 8 мыңнан аса көлік тиімді несиелеу бағдарламасы арқылы сатылады», - деді Қазақстан автобизес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпілов.

Сондай-ақ, автосалондарда кезек электронды форматқа ауыстырылып, тіпті кейбірі арнайы QR код енгізгені белгілі болды. Бұл клиенттер арасындағы дүрбелеңді туғызбау үшін жасалып жатқан жұмыстар.

Қазақстан автобизес қауымдастығы өкілінің айтуынша, азаматтар тарапынан көліктердің комплектациясы мен түстерінің тапшылығына және салондардағы кезектерге ғана қатысты шағымдар түсуде.