Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
Клиенттер бұғатталған қаражатты басқа банктер арқылы қайтаруы мүмкін
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңгеге жуық қаржы бұғатталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова депутаттық сауалға берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Санкциялық талаптар аясында жекелеген шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ және «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарын бұғаттаған. Осының нәтижесінде, банктердің шотындағы жалпы сомасы шамамен 9,2 млрд теңге бұғатталды («Сбербанк» АҚ ЕБ бойынша – 2,7 млрд теңге, «Альфа-Банк» АҚ, ЕБ бойынша – 6,2 млрд теңге, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ бойынша – 0,3 млрд теңге)», - деді қаржы реттеушісінің төрағасы.
Бұдан басқа «Сбербанк» АҚ еншілес банкінің жекелеген клиенттерінің 2,9 млрд теңге болатын шетел валютасындағы төлемдерді бұғатталған.
«Альфа-Банк» АҚ еншілес банкінің жекелеген клиенттерінің 3,9 млрд теңге болатын шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдары бұғатталды. Қазіргі таңда банктің жаңа акционері «Банк ЦентрКредит» АҚ банкті АҚШ пен бірқатар басқа елдердің санкциялық тізімінен шығару жұмыстарын жүргізуде», - деп жазылған жауапта.
Клиенттер бұғатталған қаражатты басқа банктер арқылы қайтаруы мүмкін, деп атап өтті агенттік.