Еліміздің кей өңірінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
Синоптиктер Қазақстан бойынша 24-26 мамыр күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Екатеринбург аймағынан келетін циклонға байланысты атмосфералық фронтальды әсерінен республиканың көптеген аймағында ауа райы тұрақсыз болады. Соның әсерінен жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Кезеңнің соңында елдің батысына солтүстік-батыс антициклон жотасы тарайды, солайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді.
24 мамырда түнде және таңертең орталықта, шығыста, 26 мамырда батыста топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.