Жергілікті атқарушы орган марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеді
Шымкентте кеше болған жарылыс салдарынан қайтыс болған күзетші 3 ай бұрын ғана үйленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марқұмның жерлеу шығынын Түркістан облысының әкімдігі өз мойнына алды. Отбасына бұдан да басқа көмек көрсетілетін болады.
Күзетшінің неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптамасынан кейін белгілі болмақ.
Перинаталдық орталық тергеуден кейін жұмысын жалғастырады.