БҚО-да үстіне теледидар құлап кеткен бала есін жиды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін жансақтау бөлімінен палатаға шықты

фото: medportal.ru

Батыс Қазақстан облысында үстіне теледидар құлап кеткен 2 жасар қыздың жағдайы жақсырып келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

Жақында Бәйтерек ауданының Перемётное ауылында ауруханада кішкентай қыздың үстіне теледидар құлап кеткен болатын. Бас-ми жарақатын алған бүлдіршін аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша бүлдіршін есін жиған, қазір ол анасымен бірге жалпы палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер баланың тезірек жазылуына барлық жағдайды жасауда.