Мектеп, колледж бен әкімдік ғимаратының шатыры бүлінген
Қызылорда облысында қатты жел бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022 жылдың 21 мамырында Жаңақорған ауданында екпінді желден 2 ғимараттың шатырлары құлаған.
«Жаманбай батыр ауылдық округі Бесарық ауылында «Бесарық ауылдық клубы» ауданы 753,6 ш.м. және «Төменарық ауылдық округінің әкімінің аппараты» ауданы 234 ш.м. шатырлары құлаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқару органы комиссиясы жұмыс жасауда. Оқиға орнына Жаңақорған ауданы төтенше жағдай қызметінің мамандары шықты», деп көрсетті өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Шиелі ауданында дауылдан 5 ғимараттың шатыры құлады.
Бәйгеқұм, Жөлек ауылында және Еңбекші ауылдық округі Қосүйеңкі елді мекенінде орта мектептің және Шиелі индустриялық-аграрлы колледждің шатыры құлады. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығының шатырларын жел ұшырып әкетті.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқару органының комиссиясы жұмыс жасауда», делінген ТЖД хабарламасында.