Қарт анасымен жанжалдасқан павлодарлық жауапкершілікке тартылды
Оған 3 ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды
Қарт анасымен жанжалдасқан павлодарлық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда ішімдік ішкен 49 жастағы жұмыссыз ер адам қарт анасымен жанжалдасқан.
«Қарт адам полицияға қоңырау шалып, келулерін сұраған. Полиция қызметкерлері аталған пәтерге келіп, осындай жағдай орын алғанын анықтады. Ол отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, павлодарлық өзі үшін қажетті тиісті тұжырымдар жасамаған және ішімдік ішуді, жанжал шығаруды жалғастырған. Зейнеткер тәртіп сақшыларынан ұлын әрекеттері үшін жазалауды сұрады.
ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімі бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған сәйкес сот 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады.