Олар ойнап жүріп жүксалғышқа кіріп, шыға алмай қалған
Оқиға Шымкент қаласының Қаратау ауданында 19 мамырда болған. Ата-анасы жоқ кезде балалар ойнап жүріп, көліктің жүксалғышына кіріп, шыға алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«19 мамырда Қаратау аудандық полиция бөліміне үш жас бала жүксалғышта тұншығып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі бала оқиға орнында қаза болды, бір бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды», деп көрсетті Полиция департаменті.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.