Шымкентегі жарылыс. Денсаулық сақтау басқармасы нәресте шетінегенін хабарлады

Автор: Azattyq Rýhy

Шетінеген нәресте 18 күн бұрын дүниеге келген, салмағы небәрі 790 грамм болған

фото: akspic.ru

Бүгін Шымкент қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан туғанына 3-ақ апта толған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда жарылыс болған уақытта №1 облыстық перинаталдық орталықта 189 пациент пен 65 қызметкер болған.

Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды.

«Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Салмағы 790 грамм еді.  Жарақат алған 8 адам қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды», - деп көрсетті Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, жарылыс болған ғимарат «Межбольничная 138 дәріхана» ЖШС-іне тиесілі. Ғимараттың перинаталдық орталыққа қатысы жоқ.