Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды

фото: antikor.kaz

Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен Антикордың жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері деп таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты ұстады»,  - делінген хабарламада.

Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Каримов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Антикорупция қызметіне 1424 нөмірі арқылы хабарласуға болады.