Халықаралық олимпиадада алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларға ақшалай сыйлық беру туралы заңға қол қойылды

фото: kazbilim.kz

Мемлекет басшысы халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.

Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі.