Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға қаланың ортасындағы орталық мешіт маңында болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент ұсынған мәліметке қарағанда, 20 мамыр күні сағат 17.20-да департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақсай қаласының тұрғынынан ақша бопсалаған 23 жастағы жас жігітті қолға түсірді.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.