Шығыс Қазақстанда браконьерлер 150 келі балықпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда браконьерлер 150 келі балықпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының соңында “Нерест” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ОхотПромзон инспекторларымен бірлесе отырып Балықтыкөл көлінің маңында 43 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен VOLKSWAGEN автокөлігі тоқтатылды. Көлікте 48 жастағы жолаушы болған, ол жүргізушімен бірге тиісті құжаттарсыз 74,3 келі сазан тасымалдағаны анықталды. Біршама уақыттан кейін 48 жастағы Қалбатау ауылының тұрғыны тізгіндеген көлікті тексеру барысында аталған көлік сазан балығына толы болып шықтын.

Оқиға орнынан барлығы 150 келіден астам балық, екі ау, екі резеңке қайық және қайық сорғысы тәркіленді.  Семей балық инспекциясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, күдіктілердің іс-әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын шамамен 900 мың теңгені құрады. Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.