Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 маусымына дейін

Фото ашық дереккөзден

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Күдіктіге 2 ай мерзіміне қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 маусымына дейін», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шыққанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.