Құжаттарды қолдан жасау дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша тіркелді
Қарағанды облысынан Алматыға келген 1991 жылы туған Ш есімді азамат жүргізуші куәлігін қолдан жасаған. Ол жаппай жол апатына себеп болды. Істі қарау барысында полиция қызметкері күдіктінің жүргізуші куәлігінің шынайылығына күмәнданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Төрт көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша материал қаралып жатқан Әуезов аудандық полиция Басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінде жалған құжат жасаған ер адам анықталды. Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, кінәлі – 1991 жылы туған Ш. есімді азамат. Ол жаппай жол апатына себеп болды.
Күдікті жеке тасымалдаумен күн көретінін, өзін қорғау үшін қылмыс жасауға мұқтаж болғанын айтып отыр.
«Істі қарау барысында полиция қызметкері күдіктінің жүргізуші куәлігінің шынайылығына күмәнданды: сурет онікі, ал ЖСН басқа адамдікі. Тергеу барысында жүргізушінің нақты деректері анықталып, 2019 жылы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталғаны белгілі болды. Сол кезде сот үкімімен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған», - деді Алматы қалалық Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.
Құжаттарды қолдан жасау дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша тіркелді. Оны Әуезов аудандық полиция Басқармасы тергеп жатыр.