Төрт адамға қатаң сөгіс жарияланды
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде РУ-170/2 мекемесінің бір қызметкері қызметінен шеттетілді. Бұл туралы БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тексеру қорытындысы бойынша тағы үш қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту берілді. Төрт адамға қатаң сөгіс жарияланды. Үшеуі сөгіс алса, тағы біреуіне ескерту берілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал түрмесінде төбелес болып, 10 адам жарақат алған еді. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сәйкес полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.