Қытаймен шекаралас аумақта саниатрлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қытайдан келген азаматтар 14 күн бақылауда болады

Фото ашық дереккөзден

Еліміздің Қытаймен шекаралас аумақтарында саниатрлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Медициналық тексеруден 20 мыңға жуық адам өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ. Отандық дәрігерлер Қытаймен шекаралас өткізу бекетінде 20 мыңға жуық адамды тексерді.

«Бүгінгі күні Қытайдан мемлекеттін шекара арқылы өткен 19 609 адам қаралды. Дене қызуы көтеріліп, немесе аурудың тағы басқа белгілері байқалған жоқ», - делінген ДСМ таратқан хабарламада.

Қытайдан келген азаматтар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Коронавирустың инкубациялық мерзімі 2 апта. Министрлік жағдай жіті бақылауда екенін жеткізді.