$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте бір адамнан конго-қырым безгегі анықталды

Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам оқшауланып, бақылауға алынды

Шымкентте бір адамнан конго-қырым безгегі анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны бір апта бойы үй жағдайында емделіп, кейін Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. 

Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр деп отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам оқшауланып, бақылауға алынды. Оның тоғызы медицина қызметкері. Шымкент қаласы конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз аймақ. Өткен жылы дерттің екі жағдайы тіркелді. Ал биыл кене шағып, медициналық көмекке 284 адам қаралған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үш есеге көп.

"Қан кету болған, температурасы жоғары болған. Әлсіздік және денесінде қан ұю дақтары болған. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы өте ауыр. Қарым-қатынаста болған адамдарға алдын-ала дәрі-дәрмек беріліп, медициналық бақылауда болады. Температуралары күнде тексеріліп тұрады", – деді Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова. 

Серіктес жаңалықтары