Ішкі істер министрлігінде бірқатар кадрлық тағайындау болды
Жаңа қызметтен үміттілердің әрқайсының біліктілігі мен кәсіби шеберлігі талқыланды
ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістігіне тоқталып, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін талқылады.
Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен:
- Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
- Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
- Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
- Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.
Айта кетсек, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.