$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада ер адам әйелін лифтіде соққыға жыққан

Полиция тергеу шараларын бастады

Елордада ер адам әйелін лифтіде соққыға жыққан
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында ер адам лифтіде әйелін тепкілеп тастады. Полиция тергеу шараларын бастады. Ал күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырып босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде лифтіге кірген әйелді қатыгездікпен ұрған ер адамның видеосы тарады. Ол алдымен жұбайын шашынан тартып, жерге құлатқан. Одан кейін тепкілей бастайды. Әйел тұрғанда тағы жұдырықпен бірнеше жерден ұрған.

Қалалық полиция департаменті осы оқиғаның Есіл ауданында болғанын растады. Сол ауданның полицейлері Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша тергеу шараларын бастады.

"Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген. Күдіктіге қатысты "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда", - дейді тәртіп сақшылары.

Ал "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жәбір көрген әйелдің тергеу шараларына қанағаттанбай жатқанын мәлімдеді. Ер адам оны ертесінде тағы асқан қатыгездікпен ұрған. Бірақ полицейлер бұл мәліметті тіркеуге алмаған.

 

Серіктес жаңалықтары