Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан асты

Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,1 млрд теңге бөлінді», - делінген ведомство хабарламасында.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан асты.

«Бүгінде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 105 193 теңге болды. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз», - деді Еңбекмин өкілдері.