Атырауда 500 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото ашық дереккөзден

​Атырауда жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған бекіре тұқымдас балықтарды аулау тыйылмай тұр. Тәртіп сақшылары  1 тонна​ балық тәркілесе, оның ішінде 500 кг бекіре тұқымдас балықтары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рейд барысында 210-нан астам құқық бұзушылық анықталды. Барлығы 18​, яғни ҚР ҚК-нің 335 бабымен (Балық ресурстарын заңсыз аулаумен)– 2, ҚР ҚК-нің 339 бабы (Жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу)-16 қылмыстық іс қозғалды.

"ҚР IIM-нің бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуір және 31 мамыр аралығында Жайық-Каспий бассейні аумағында бағытталған «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шара барысында республикалық және облыстық тас жолдарында (Астрахань, Ақтөбе, Орал бағытындағы және облыстық Индер тас жолы) және қала аумағындағы автокөлік жолдарымен айналма далалық жолдарында  және Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендері жағалауында 39 жылжымалы мобильдік топтар қызмет атқаруда.  Сонымен қатар заңсыз балық аулаудың жолын кесу үшін, Жайық өзені жағалауларында орналасқан қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының 19 бейнебақылау камераларымен бақылау жүргізіп келеді", – деді Атырау облысы ПД-нің бастығы Нұрхат Оразбаев.

28 сәуір күні атыраулық полицейлер 1986 ж.т. азаматшаның тұрғылықты мекен-жайына тінту жүргізу кезінде 15,8 кг бекіре тұқымдас балығы және 5 кг қара балығы тәркіледі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.