Нұр-Сұлтанда «Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті

Azattyq Rýhy

Оған қаланың белсенді тұрғындары да қатысты

Нұр-Сұлтанда «Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті

Елордада «Референдумды өткізудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, белсенділер қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«5 маусымда елде үлкен саяси оқиға болады, онда халық тікелей демократия арқылы өз үлесін қосады. Жақында республикалық штаб құрылды. Желілік кесте бойынша біз үкіметтік емес ұйымдармен кездестік. Олар азаматтық сектордың пікірін, жалпы референдумды қалай қабылдайтынын білгісі келді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бірдей жағдай жасау, ұйымдастыру жағынан өте жақсы ұсыныстар айтылды. Біз мұнда не үшін жиналдық? Азаматтық сектор референдумға белсенді қатысуы үшін бас қосып отырмыз», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы өкілдігінің төрағасы Зулфухар Гаипов.

Елорданың азаматтық секторының өкілдері референдум өткізу туралы өз ойларын ортаға салып, оған дауыс беру құқығы бар әрбір қазақстандықтың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін біз референдумның алдағы аспектілерін талқылау үшін, сондай-ақ халықпен түсіндіру және олармен жұмыс жөнінде пікір, сұрақтар, ұсыныстар алмасу үшін қаламыздың ең белсенді үкіметтік емес ұйымдарымен бас қостық. Себебі азаматтық қоғамның бұл процеске – конституциялық реформаларды түсіндіру процесіне қатысуы өте маңызды. Бүгін біз қаланың қоғамдық кеңесімен бірлесіп осындай іс-шара өткіздік және менің ойымша, әркім өз сұрақтарына жауап алды», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мағжанова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.