Аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында жаңбыр суы 11 көше мен 20 үйді басып қалды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"2022 жылғы 14 мамырда Түркістан облысында қатты жауын шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 11 көше, 20 жекеменшік тұрғын үй, 67 шаруашылық ғимарат, 62 аула ішіне су кірген. Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аумақтан су сорып шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, департамент мәліметінше, көшелерді, аулаларды су басу дерегі бойынша аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылды, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен кезде шұғыл іс-шаралар жүргізіліп жатыр.