Атырауда иттер көлікті "бөлшектеп тастады"

Автор: Azattyq Rýhy

Енді көлік иесі жергілікті билік органдарымен соттасқалы отыр

Бейнеден кадр

Атырауда иттер көлікті "бөлшектеп тастады". Бұл туралы  "Мой город" сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда екі ит жаңа көлікті айналшықтап жүріп, алдыңғы бөлігін тартқылап сындыратынын көруге болады. 

Соңында иттердің автокөлік астына тығылып қалған мысықты ұстағысы келгені анықталды. Енді көлік иесі жергілікті билік органдарымен соттасқалы отыр.

Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек 10 мамырда сағат 11.44-те тіркелгенін айтты. Иттердің үйі жоқ екені белгілі болды.