Төтенше жағдайлар департаменті астанада жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ТЖД және Полиция департаментінің бастығы үндеу жасады 

Фото: ашық дереккөзден

Астаналық құтқарушылар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс уақытын қысқартуға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты мектертер мен колледждерде сабақтар тоқтатылды. ЖОО мен өзге де мекеме, ұйымдарға жұмыс уақытын қысқартуға кеңес береміз. Сондай-ақ, Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде. Мүмкіндігінше қозғалысты барынша шектеуді сұраймыз», - делінген хабарламада.