Гүлмира Сатыбалдыны тұтқында ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін 2 ай мерзімге қамауға алынған еді

Фото ашық дереккөзден

Осыған дейін 2 ай мерзімге қамауға алынған Гүлмира Сатыбалды тағы бір ай тұтқында болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «2022 жылғы 13 мамырда Нұрсұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, биыл 18 наурызда елорда соты Гүлмира Сатыбалдыны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берген еді.