Ақмолалықтар 94 қару-жарақты полицияға тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

Азаматтар қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін 10-100 АЕК шамасында төлем алады

фото: matritca.kz

Ақмолалықтар  94 қару-жарақты полицияға тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Акция басталғаннан бері ақмолалықтар полиция бөлімшелеріне 94 қару, оның ішінде 85 бірлік тегіс ұңғылы, 8 ойық ұңғылы, 1 бірлік травматикалық қару және 1 гранатаны тапсырды. Сонымен қатар, ойық қарудың 40 патроны тапсырылды. Бұл қару қазір 4 миллион 964 мың теңгеге бағаланып отыр», деп көрсетті Ақмола облыстық Полиция департаменті.

Ең көп қаруды Бурабай ауданының тұрғындары (12 бірлік) тапсырды, Көкшетау қаласының тұрғындары 11 бірлік, ал атбасарлықтар – 9 қару-жарақ тапсырды.

Барлық тапсырылған қарулар ІІМ есебі бойынша тексерілді, криминалистикалық сараптамадан өтуде. Зерттеу нәтижелері бойынша азаматтарға ақшалай қаражат төленетін болады. Айта кету керек, акция бөлінген қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.

Тегтер: