$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматылық өнертапқыштар спиртпен жүретін көлік құрастырып шықты

Жас ғалымдардың айтуынша, жаңа құрылғы отандық технология саласының дамуына серпіліс бермек

Алматылық өнертапқыштар спиртпен жүретін көлік құрастырып шықты
фото: almaty.tv

Алматылық жас өнертапқыштар спиртпен жүретін көлік құрастырып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенттері өз туындылары таныстырып, жұртты тәнті етті. Жас ғалымдардың айтуынша, жаңа құрылғылар отандық технология саласының дамуына серпіліс бермек.

«Салмағы 47-49 келі арасында болады. Бұл көліктің арнайы пилоты бар, пилоттың салмағы 55 келі болса, жалпы 100 келі салмақпен 25-27 шақырымға дейін жүреді», – деді Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенті Әлібек Ыбырайым.

Жас өнертапқыштар адамның 7 бұйрығын екі етпейтін роботтың қолын да таныстырды. Студенттердің айтуынша, бұл туынды 1 айда құрастырылып, жоба республикалық жарыста жүлделі болған. Одан бөлек, ғылым саласына бет бұрған жастар пайдалы қазбалар табудың оңтайлы жолын ұсынды.

«80 градус бұрышпен бұрғылайтын болсақ, апатты жағдайға көп ұшырайды. Яғни, жарған кезде кеннің бос жыныстарының шашырауы көп болады. Біз сол себепті 80 емес, 65 градуспен бұрғылаймыз деп шешіп, есебімізді солай шығардық», – деді  Қ.Сәтбаев атындағы ҚАЗҰТЗУ студенті Алмат Сапарбаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#өнертапқыш