Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 23 адам COVID-19-дан емделіп шықты

 

pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы қаласы - 7
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 1.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 631 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 23 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Алматы қаласы - 4
Шығыс Қазақстан облысы - 2
Қарағанды облысы - 1
Қостанай облысы – 8

Қызылорда облысы – 8.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 490 адамға жетті.