$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры: әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті

МӘСҚ-тан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 54,2 мың адам алады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры: әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті
Фото: gov.kz

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 5%-ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4%-ға өсті. Төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9%-ға артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, МӘСҚ-нан төленетін төлемдерді әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтін қатысушылары базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады.

Мәселен, МӘСҚ-нан еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 81,6 мың адам алады. Егер мүгедектігі бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 608 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескере отырып, азаматтар барлығы 84 353 теңге алады.

«МӘСҚ-тан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 54,2 мың адам алады. Егер асыраушысынан айырылу бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 45 627 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескере отырып, азаматтар барлығы 76 443 теңге алады», - делінген хабарламада.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарға төленетін төлемдердің орташа мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын алушыларға төленетін төлемдерге қарағанда шамамен 30 мың теңге жоғары.

МӘСҚ-нан жоғары мөлшердегі әлеуметтік төлемдер сәуір және мамыр айларындағы қосымша ақыны ескере отырып, осы жылдың маусым айында аударылады.

Серіктес жаңалықтары