Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Азаттық рухы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Бұған қоса Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.