«Алматы жастары» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталады

Автор: Azattyq Rýhy

1 мың жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы өтінімдер қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімі Ерболат Досаев жастарға арналған қалалық бағдарламаның қайта жаңғыртылғаны туралы хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 18 мамырдан басталып, 1 маусымға дейін жалғасады.

«1000 жас отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарының: мұғалімдер, дәрігерлер, оқытушылар, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері және т. б. бар», - деді Е. Досаев.

Қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті  заем беріледі. Бастапқы жарна 25 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ын құрайды.