Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 12 адам COVID-19-дан емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 13 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 7
Алматы қаласы - 4
Ақтөбе облысы - 1
Қарағанды облысы - 1.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 620 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 12 адам коронавирус вирусынан емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Алматы қаласы - 5
Алматы облысы - 1
Шығыс Қазақстан облысы - 3
Түркістан облысы - 3.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 467 адамға жетті.