Министрлік Ақмола облысында төрт түліктің қырылуына қатысты түсінік берді

Azattyq Rýhy

Мұнда 900 бас мал белгісіз індетпен ауырған

фото: kz.kursiv.media

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысы Ерейментау ауданында төрт-түліктің қырылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еркіншілік ауылы аудан орталығы Ерейментау қаласынан 45 км жерде орналасқан. Еркіншілік ауылында 8 394 бас ірі қара мал және 11 213 бас ұсақ мал бар. Оның ішінде 716 бас ірі қара мен 160 бас ұсақ мал ауырған.

«Ерейментау ауданының ветеринариялық мамандары биологиялық материалдарды іріктеп алынып, аусыл, инфекциялық ринотрахеит, блютанг ауруланрына тексеру үшін Ветеринария бойынша референттік орталығына жолданды. Бүгінгі таңда ауру жануарларды зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша аусыл, инфекциялық ринотрахеит және блютанг анықталған жоқ», деп көрсетті салалық министрлік.

Ауру жануарларға ветеринарлық мамандар симптоматикалық ем көрсетуде.

Сонымен қатар, күнделікті негізде ветеринарлық мамандар тұрғындар арасында жануарлардың ауруларын болдырмау және таратпау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Диагноз қойылған кезде қажетті эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін болады.

Эпизоотиялық жағдай аймақтың ветеринарлық қызметінің бақылауында.

Еркеншілік ауылында өлген жануарлармен бейнеге қатысты, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сенбілік кезінде осы округтің жергілікті атқарушы органы аталған жануарларды көзін жойғанын хабарлады. Өлген жануарлардың құлақ сырғылары бойынша иелері анықталып, тиісті шаралар қолданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.