26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін республиканың барлық өңірінде жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін

Жексенбі, яғни 26 қаңтар күні еліміздің басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМКК-ге сілтеме жасап.   

Республиканың барлық өңірінде жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Кей аумақта тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.  

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Алматы облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысында да тұман, көктайғақ сақталады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында да бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей өңірінде тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей аумағында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей тұста 23 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау және Атырау облыстарының кей аумағында қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында тұман, бұрқасын, көктайғақ сақталады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.