Нұр-Сұлтандағы жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Б.Момышұлы даңғылында 19 мамырға дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі

фото: www.gov.kz

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жүргізушілеріне Б.Момышұлы даңғылындағы жөндеу жұмыстарының басталғанын ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған байланысты,  19 мамырға дейін Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тегтер: