Қостанайда алапат өрт болып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өзен жағасындағы қамыстан басталған өрттен 11 үй жанып кетті

фото: kstnews.kz

Қостанайда Тобыл өзенінің жағалауындағы қамыс өртеніп, екпінді желден өрт өршіп, жақын маңдағы үйлер жалынға оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт 9 мамыр күні сағат 17-25 шамасында басталған.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда 11 тұрғын үй мен 4 автомобиль өртеніп кеткен. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында оперативті штаб құрылды. Зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетілетін болады.

Тегтер: