Ауыл адамдары аудан мен облыс орталығына жете алмай кейін қайтып жатыр
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Қызан мен Ақшымырауды орталықпен жалғайтын жолдың 25 шақырымы қатты жаңбырдан жүруге жарамсыз боп қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Маңғыстау телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жалпы, Шетпе-Қызан автокөлік жолын асфальттау жұмысы басталғанына 10 жылға таяп қалды. Әлі бітетін емес. Биыл тағы салынады дейді. Бірақ бітетініне сенбейміз. Мына күнде келініміз толғатып, баламыз ауырса орталыққа жете алатын емеспіз»,- дейді жолда қалған тұрғындар.