Кей өңірлерде бұршақ жауады
«Қазгидромет» РМК 10-12 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, ал республиканың батысы мен оңтүстігінде тіптен кей кезде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 25 м/с дейін жететін болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.