Атырауда аяқ-қолының ақауы бар 9 балаға ресейлік дәрігер ота жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық ота сәтті өтті, науқастар дәрігерлердің бақылауында

фото: azh.kz

Атырау облыстық балалар ауруханасында аяқ-қолдарының ақауы бар 9 балаға ота жасалды, деп Azattyq Rýhy Ақ жайық газетіне сілтеме жасап.  

«Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорының бастамасымен Альбрехт атындағы мүгедек балаларға арналған хирургия және протездеу ғылыми орталығының балалар хирургі, ортопед-травматологы, бірінші балалар травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербордан келген Андрей Кольцовтың қатысуымен шеберлік сабағы өтті.

Оның барысында аяқ-қолдардың әртүрлі даму ақаулары бар, оның ішінде балалардың церебральды сал ауруы, өкше-вальгус деформациясы, полидактилиясы бар (көпсаусақты және саусақтары жабысқан) 2-15 жас аралығындағы тоғыз балаға ота жасалды.

Облыстың штаттан тыс бас травматологы Сергей Хванның айтуынша, осы үш күн ішінде ресейлік ғалымдардың көптеген жұмысынан, церебральды сал ауруымен ауыратын балалардың аяқ-қолын емдеу саласындағы жетістіктерден хабардар болды.

«Біз мұндай операцияларды өз бетімізше жасай аламыз, бірақ соған қарамастан ғалымдардың тәжірибесі, олардың ашқан жаңалықтары, операцияның жаңа әдістері үнемі қажет. Осындай шеберлік сабағының әрқайсысы – кәсіби деңгейді көтеру болып табылады», – дейді С.Хван.