«Майдан жолы» жасағы Ресейде сүйегі табылған жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр

Azattyq Rýhy

Смоленск облысы аумағында шұңқырдан 5 кеңес сарбазының сүйегі табылған

«Майдан жолы» жасағы Ресейде сүйегі табылған жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр
Фото: «Майдан Жолы» іздестіру-зерттеу жасағы

«Майдан Жолы» іздестіру-зерттеу жасағының атына ресейлік іздеушілер бес кеңес сарбазының туыстарын іздеуге көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жасақ командирі  Александр Шитовтың мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 мамырда Смоленск облысының Духовщинск ауданының аумағында далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде шұңқырдан 5 кеңес сарбазының сүйектері табылған.

«Сүйектерден 1 медальон (қақпағы бос бөлінген), 1 үздік мерген белгісі және №139197 «Қызыл Жұлдыз» ордені табылды. Орденмен 1921 жылы туған Әубәкіров Қайыргелді марапатталған. Туған жері Ақмола облысы, Өркеншілік ауданы, № 8 ауыл. Шақыру орны Марьяновский РВК, Омбы облысы, Марьяновский ауданы. Әскери атағы - аға сержант. 1943 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болған», - дейді Александр Шитов.

Сарбаздардың сүйектерін Смоленск облысының «Глухари», «Спас», «Бастион», П.Ф. Клепач атындағы отрядтар көтерді.

Александр Шитов қаза тапқан жауынгерлердің отбасын іздеуге көмектесуді сұрайды.

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын туыстарымен хабарласу үшін «Майдан жолы» Павлодар іздестіру-зерттеу жасағына хабарласуға болады. email: alex.shitov@mail.ru , тел: 8777-461-73-78.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.