Нұр-Сұлтанда жалақысын ала алмаған күйеу бала қайын атасының мүлкін сатып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ішіндегі құрылыс материалдарымен бірге 40 тонналық контейнерді 600 мың теңгеге бағалапты

фото: m.opt-union.ru

Нұр-Сұлтанда жалақысын ала алмаған күйеу баласы қайын атасының контейнерін ішіндегі заттарымен қоса сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәбірленушінің айтуынша, контейнерде құрылыс материалдары болған және келтірілген шығын көлемі 2 млн.теңгеден асады.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер жәбірленушінің 44 жастағы күйеу баласы ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұзақ уақыт бойы қайын атасының құрылыс алаңында жұмыс істегенін айтты. Алайда туысы жұмыс ақысын төлемеген соң, рұқсатсыз контейнерді алып кеткен», деп көрсетті елордалық полицейлер.

Ол ж арнамалық сайт арқылы контейнерді Ақмола облысының тұрғынына 600 мың теңгеге сатып жіберген. Полицейлер контейнерді алып, иесіне қайтарды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті өз кінәсін мойындады.

Тегтер: