Қытай дәрігерлері коронавирус жұқтырған науқасты емдеп жазды

Автор: Azattyq Rýhy

Қауіпті індетті жұқтырған 56 жастағы әйелді емдеп жазуға бір апта уақыт кеткен

Фото: News.CN

Шанхайда коронавируспен ауырған адам алғаш рет толық емделіп шықты, деп жазады қытайлық Sina басылымы. Басылым дерегінше, Ухань қаласындағы қауіпті індетті жұқтырған 56 жастағы тұрғынды толық емдеп жазуға бір апта уақыт кеткен.    

15 қаңтар күні әйел коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған екен. Кейінірек дәрігерлер оның диагнозын растайды.

Науқасқа бірнеше күн ем жүргізілгеннен кейін, оның жағдайы жақсара бастапты. Тағы біршама уақыттан соң қабыну процесі сап тыйылып, науқас  ауруынан толық айығып кеткен.

Дәрігерлер әйелді коронавирус тестінен өткізгенде, аурудың еш белгісі табылмаған.