Бұл ретте банк өнімдерінің барлық шарты клиенттер үшін өзгеріссіз қалады
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Альфа-Банк Қазақстанның» 100% жай акциясын сатып алу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қайта тіркеуден өткеннен кейін банк «SB ECO BANK» деген толық атауы бойынша жаңа ECO BANK брендімен жұмыс істемек. Бұл ретте банк өнімдерінің барлық шарты клиенттер үшін өзгеріссіз қалады, ал SDN тізімінен шығу процедурасы аяқталғаннан кейін клиенттер банктік қызметтердің барлық тізіміне қол жеткізе алады», - делінген банк хабарламасында.
ЦентрКредит Банкінің «Альфа-Банкті» сатып алу мәмілесі қаржы институтының жеке қаражаты есебінен қаржыландырылғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта толығымен қазақстандық қаржы орталығына айналдыру бойынша ребрендинг жұмыстары басталып кетті.