Алматыдағы колониялардың бірінде өзіне қол жұмсаған сотталушыға қатысты жаңа деректер шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандардың айтуынша, сотталған азамат басында Грузиядан Қазақстанға қару-жарақ өткізбек болып, қолға түскен

Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы колониялардың бірінде өзіне қол жұмсаған сотталушыға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Жазасын өтеуші 155/18 мекемесі арқылы транзитпен Қарағанды облысындағы туберкулезден емдейтін арнайы орталыққа кету керек болған. Бірақ ол түрме қызметкерлеріне наразылығын білдіріп, мойнын кафельмен тіліп жіберген.

ЛА 155/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушының бұл алғашқы әрекеті емес. Ол осыған дейін оғаш қылықтарымен көзге түсіп, маза бермеген. Туберкулезбен ауыратын азамат колонияның ішкі талаптары мен ережелеріне бағынбағандықтан наразылық білдіріп, суицид жасамақшы болған. .  

«4-ші қалалық ауруханаға жеткізіліп,  жарақаты аса ауыр болмағандықтан, кесілген жерін тігіп, мекемеге қайтарылды. Қазіргі таңда сотталған Гагуованың денсаулығы қалыпты. Мекеме қызметкерлерінің бақылауында», – деді ЛА-155/18 мекемесі бастығының орынбасары Мұратжан Кәкімжанов.

Мамандардың айтуынша, сотталған азамат басында Грузиядан Қазақстанға қару-жарақ өткізбек болып, қолға түскен. Алдағы уақытта денсаулығы жақсарған соң оны Қарағанды облысындағы туберкулезден емдейтін арнайы мекемеге жібермек.