$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде несие алмақ болған бойжеткен алаяққа алданып қалды

Ол екі жылға қамауға алынуы мүмкін

Семейде несие алмақ болған бойжеткен алаяққа алданып қалды
Фото ашық дереккөзден

Осы жылдың сәуір айының басында Семей қаласының полиция басқармасына 20 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Хабарласқан бойжеткен 10 млн теңге көлемінде несие алмақ болып алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Semeynews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс әйел оған 10 000 000 теңге сомасындағы несиені ресімдеуге көмектесемін деп оның 550 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Күдікті әйелден жауап алу барысында ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастағанын айтып, кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, аталған баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары