$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Итбалықтардың өліміне NCOC компаниясының қатысы жоқ – Экология министрі

Мамандар итбалықтар қыста қырылған дейді

Итбалықтардың өліміне NCOC компаниясының қатысы жоқ – Экология министрі
Фото ашық дереккөзден

Каспий жағалауында 100-ге жуық итбалық өлексесінің табылуы Солтүстік Каспийде NCOC компаниясы жүргізіп жатқан түпті тереңдету жұмысына қатысы жоқ. Ол туралы  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, өлексе қатты ыдырап кеткендіктен өлім себебін анықтау үшін айға жуық уақыт кетеді. Сарапшылар азуы мен тырнағынан сынама алған.

«Көпшілік итбалықтардың өлімі мен NCOC компаниясының Солтүстік Каспийдегі теңіз түбін тереңдету жұмыстары қаншалықты байланысты деген мәселені көтерді. Мамандардың итбалықтар 3-4 ай бұрын, яғни қыста қырылған дейді. Ол кезде мұз болды. Сол себепті өлекселер сақталған. Ал мұз ерігеннен кейін дауыл кезінде жағаға шыққан. Өлекселер Қашағаннан 150 шақырым қашықтан табылған. Іс-шара жоспары бойынша қазба жұмыстары 15 сәуірде ғана басталды. Бұл оқиғалар бір-біріне қатысты емес», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Каспий #Итбалық