Елімізде киіктердің саны артып келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Нақты деректер 10 мамырдан кейін белгілі болады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда киіктердің санын анықтау және бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкіметте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Расында да киіктердің саны артып келеді. Орал популяциясына келсек, онда 500 мыңнан астам өсім байқалады. Қазіргі уақытта киіктер санын бақылау және анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысты жақын күндері аяқтаймыз және 10 мамырда киіктердің нақты санын білетін боламыз», - деді Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Экология министрінің болжамынша, бір ғана Оралда киік саны 1 миллионға дейін артуы мүмкін. Бұл деректер 10 мамырдан кейін жарияланады.